10 мау, 2019 сағат 13:15

Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирде алтын иеленді

Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Атырау қаласында Халық батырлары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовті еске алуға арналған жарыс өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысты.

Қарағандалық Абылайхан Жүсіпов 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 

Айта кету керек, қазір боксшы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығы үшін күресуде. Бұған дейін ол Софияда өткен беделді турнирде күміс медальға ие болған еді. 

Атырауда өткен бәсеке - Азиядағы ең ірі турнир. Ол AIBA күнтізбесіне (халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы), "А" санатына кіреді.