09 мам, 2017 сағат 17:18

Абайлық оқушы малға жем-шөп салатын робот жобасын құрастырды

ШҚО, Қарауыл ауылындағы Абай мектеп-гимназиясының оқушысы Мағжан Ғазиз қора-қопсыны тазалап, малға жем-шөпті өзі беретін құлтемір жасап шығарды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің айтуынша, былтыр ауданның бірқатар мектебінде робот техникасы сыныптары ашылған.

– Өткен жылы Семейдегі Шәкерім атындағы мемлекеттік университетінің басшылығы Қарауылдағы Абай мектеп-гимназиясына бес робот құрылғысын тарту етті. Қалған алты құрылғыны аудандық бюджеттің есебінен сатып алдық. Биыл аудандағы барлық мектепте робот техникасы сыныптарын ашуды жоспарлап отырмыз, - дейді Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.

Жас өнертапқыштың айтуынша, ол жасаған құлтемір мал шаруашылығына қажетті барлық шаруаны өзі атқара алады.

– Қыстың қақаған суығында ата-анам малға жемшөп беріп, қиналып жүргенін көргенде, оларға көмектескім келді. Сондықтан осындай құлтемірді жасап шығардым, - дейді Мағжан Ғазиз.