Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған челендж жер жүзін шарлап, ақын мұрасы әлемнің алуан тілінде оқыла бастады.
Енді оған әзербайжан xалқының әйгілі әнші-композиторы, кезінде 18 жыл қатарынан өз елінің мәдениет министрлігін басқарып, бүгінде Әзербайжанның Ресейдегі елшісі қызметін атқаратын Полад Бұлбұлоғлы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Мәкеудегі Низами Гәнжәуи ескерткішінің жанында тұрып, «Менің жақын досым Мұxтар Құл-Мұxаммед Абайға арналған жыр шеруіне қатысуды ұсынды. Мен мұны ризалықпен қабылдадым. Мәскеуде Абай мен Низамидің ескерткіштері бар. Мен екі ұлы ақынымыздың басын дәл осы үндестік арқылы қосқым келеді» дей келіп, дана Абайдың «Жүрегім, нені сезесің» өлеңін әзербайжан тілінде оқып бердi.