Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ қазақ тілінде ақын Абайдың өлеңінен үзінді оқыды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
4«Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ #Абай175 эстафетасын тікелей эфирде жалғастырып, оны Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әдірахымовке, кәсіпкер Арманжан Байтасовқа және саясаттанушы Досым Сәтпаевқа жолдады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.