22 қаң, 2020 сағат 11:05

Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды

Татарстан президенті Рустам Минниханов қазақ ақыны, ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты. Татар басшысы ақынның өлеңінен үзінді оқыған видеоны Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Татар-информ сайты.

«Мен өз досым – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтен эстафетаны қуана қабылдадым және оны Қазақстан Республикасында тұратын татар диаспорасына жолдаймын», – деді Минниханов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, композитор және ағартушы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Ол – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және тұңғыш классик.

«Құнанбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған флешмоб әлеуметтік желілерде қарқын алуда. Қатысушылар классиктің өлеңдерін оқып, әндерін орындауда. Флешмобқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайбергенов, композитор Игорь Крутой да қосылған болатын», - деп жазады Татар-информ