17 шіл, 2020 сағат 11:21

Абай кешенінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүріп жатыр - ШҚО әкімі

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында және Абай ауданында 13,5 млрд. теңгеге құрылыс, абаттандыру және реконструкция бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының ХL кезекті сессиясында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биыл қазақтың ұлы ойшылы және ақыны - Абайдың 175 жылдығы. Мерейтойлық датаға сәйкес Семей қаласында және Абай ауданында 13,5 млрд. теңгеге құрылыс, абаттандыру және реконструкция бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда», - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, Қарауыл ауылында 300 орындық мектептің және су құбырының құрылысы аяқталып қалды.

«Абай кешенінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуде. Аумақты абаттандыру, саябақ пен мұражайдың құрылысы, сондай-ақ жолдарды жөндеу жұмыстары іске асырылуда», - дейді ол.