18 ақп, 2021 сағат 13:57

Абай атындағы опера және балет театрының директоры қызметінен босатылды

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры директоры Ая Қалиева қызметінен босатылды. Театр өкілдері оның қызметтен ешқандай ескертусіз және себепсіз босатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұйрық министрдің өзінен емес, жеке пошта мекенжайына хат түрінде келді. Мен алғыс сөзін айтып тұрғам жоқ, жеке адамды құрметтегендіктен ғана. (...) Мен мұндай жағдайды кез келген адамға қатысты әділетсіздік деп санаймын. Бүгін Еңбек кодексін бұзу туралы бұйрық алған кезде, бұл туралы ашық айтамын деп шештім. Менің келісім шартым ұзартылған, 2020 жылы ол шексіз мерзімге созылған болатын", - деді Ая Қалиева.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры ұжымы бұл шешіммен келіспейді. Қызметкерлер Қалиеваны жақсы басшылардың бірі деп санайды. Оның театр директоры ретінде жұмыс істеген кезеңінде театр маңызды белестерді бағындырды. Бүгін, 18 ақпанда театр қызметкерлері басты сахнаға жиналып, Қалиеваға қолдау білдіріп, оның жұмыстан шығарылуына наразылық білдірді.

"Мен театрда 10 жылдан аса уақыт жұмыс істедім. Театрдың біраз директорымен қызмет атқардық. Біздің басты міндетіміз - театр деңгейін көтеру, көрермендерді қуанту, мемлекетімізде өнер деңгейін көтеру. Басшылықты осылай өзгерткен жағдай болмаған. Бұл күтпеген жағдай болды. Театрда жұмыс істеген уақыт ішінде шығармашылық ұжым басшылары осындай ұйымшыл болған емес. Театрды алға жылжыту идеясын бәрімізге үлгі етті. Мұның бәрі Ая Жәкенқызының еңбегі", - деді балет труппасының жетекшісі Гүлжан Тұтқыбаева.