17 шіл, 2019 сағат 08:28

#Abai175: Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды

Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқып, қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады», - деді Берік Уәли.