Танымал актер Джеки Чан қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған флешмобқа қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мен Қазақстан Президенті бастаған поэтикалық челленджді досым Ерлан Қариннен қабыл алдым», - дейді Джеки Чан.
Ол Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Ерлан Қарин мен Джеки Чан биыл сәуір айында кездескен болатын. Ол кезде актер Сириядағы қазақстандықтарды құтқару туралы деректі фильмді тамашалаған.
Бүгінге дейін челендж аясында 6000-нан астам ролик жазылып, 10 мыңға жуық #Абай175 немесе #Abai175 хештегі тараған.
Оның 70,4 пайызы - Facebook, 15,7 пайызы - Instagram желілерінде жарық көрген.