12 шіл, 2019 сағат 07:30

#Abai175: Дәурен Абаев Абайдың өлеңін жатқа оқыды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Абайдың «Жігіттер ойын арзан, күлік қымбат» өлеңін оқыды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзінің Facebook парақшасында жариялаған видеода министр тоғыз жастағы Ләйлімшырақ Ерланқызы жолдаған эстафетаны қуана қабылдағанын айтады.

«Ләйлім есімді кішкентай қызымыз Абайдың мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған да жолдаған екен. Абай шығармалары әлі күнге өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті ұлы ойшылымызды әлем мойындайды. Сондықтан бұл бастаманы мен де үлкен қуаншыпен қабыл алдым», - деген Дәурен Абаев ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінен екі шумақ үзінді оқыған.

«Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин мырзаға және айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ханымға жолдаймын», - дейді мнистр виедоның соңында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.