21 мау, 2017 сағат 13:11

Абаев: Президент әуежай атауына түсіністікпен қарайды деген үміттемін

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілгеніне қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

"Берілді-ау, әйтеуір. Бұл тақырып 5-6 жылдай талқыланды. Қолдаймын, әрине. Елбасының Қазақстанның инфрақұрылымына сіңірген еңбегін асыра айту қиын болар. Қарағандыға кіре бергенде қандай үлкен жұмыс атқарылғанын, қанша қаражат жұмсалғанын сезіп білесіздер ғой. Мұндай сападағы жолдар кеңес кезінен бері салынбады. Адамдар Павлодарға барса да, айталық... Бұл жолдар, бұл процесс енді басталды. Неліктен Қорғастан бастадық, "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" - бұл жоба халық жадында қалады", - дейді министр журналистерге халыққа есеп беру кездесуінде. 

Министрдің айтуынша, Астананың жаңа әуежайы - еліміздің сипаты және қонақтар оны Назарбаевпен байланыстыру керек. Сонымен қатар, Абаев Елбасы мұндай әрекеттерге тыйым салғандықтан жаңа әуежайдың атына қалай қарайды деген сұраққа жауап берді.  

"Елбасы жаңа атауға түсіністікпен қарап, қолдайды деген үміттемін. Мұның не үшін маңызды екенін жоғарыда айтып өткенмін. Халық кемінде "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы жасалған жұмысты есінде сақтауы керек", - деді Абаев. 

Абаевтың пікірінше, көптеген нысандарға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруге болады.