Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Жер туралы кодекстің кейбір нормаларына жарияланған мораторийді бес жылға ұзарту туралы ұсыныс айтты.
«Мораторий жарияланған мәселелер бойынша мынадай ұсыныс айтқымыз келедi - осылардың негiзiнде қабылданған мораторий мерзiмiн 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейiн созу туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жасау», - дедi комиссия төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, АШМ Асқар Мырзахметов.