Бүгін Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Юрий Померанцев 97 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халық әртісінің бар ғұмыры театрмен байланысты. Осы салада еңбек етіп келе жатқанына 75 жыл толды. Оның 66 жылы Алматыдағы Лермонтов атындағы академиялық драма театрында өтті. Осы уақытта 300-ден аса кейіпкердің бейнесін сәтті алып шықты. Соның ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша 1968 жылы қойылған Абай драмасындағы басты рөлі де бар.
Юрий Померанцев 1923 жылы Киевте дүниеге келген. Ал біраз уақыт өткен соң оның отбасы Қарағандыға қоныс аударады. Әкесінің қазасынан кейін оған және оның анасына Мәскеуге көшуге тура келді және сол жақтан майданға аттанды. Ауыр жараланғаннан кейін, 1943 жылы Юрий Борисов Алматыға келіп, өзінің актерлік мансабын бастайды. Актер театр және кинода ондаған рөлдерді сомдады. Дегенмен, көрермендер оны Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» картинасындағы бас кейіпкер Анатолий Лавровтың рөлінде жақсы таниды.
Еске салайық, 2018 жылдың мамыр айында Юрий Померанцевке ең жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Сонымен қатар, дәл сол жылы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин актерге «Достық» орденін табыстады.
Айта кетейік, Ю. Померанцев жасы 97-ге келсе де сахнадан түскен жоқ. Ол өз көрермендерін шынайы образдармен әлі де қуантпақ.