17 қыр, 2025 сағат 16:34

900 мың теңге зейнетақы алатындар бар

Фото: Gov.kz

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 35,7 мың теңгені құрайды, бірақ кейбір азаматтар 900 мың теңгеден астам зейнетақы алады, деп хабарлайды Ult.kz.

2025 жылғы 1 тамыздағы дерекке сәйкес, елімізде зейнет жасындағы азаматтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін орташа айлық зейнетақы бар болғаны 35 700 теңге. Алайда ең жоғары зейнетақы мөлшеріне шектеу қойылмаған – кейбір қазақстандықтар ай сайын 900 мың теңгеден астам қаржы алады.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ең жоғары зейнетақы алушылардың бестігі мынандай:

  • - 993 041 теңге;
  • - 818 818 теңге;
  • - 635 236 теңге;
  • - 565 857 теңге;
  • - 560 437 теңге.

Зейнетақы көлемі қандай факторларға байланысты? 

Сарапшылар жоғары зейнетақы алудың негізгі себептеріне мыналарды атайды: 

  • - Азаматтың өмір бойғы табыс деңгейі;
  • - Барлық табыс көздерінен тұрақты және толық көлемде жарна аударуы.

Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі әрбір азаматқа өзінің болашақ зейнетақысын басқаруға мүмкіндік береді. Міндетті 10% жарнадан бөлек, қалаған жағдайда қосымша ерікті жарналар арқылы жинақты ұлғайтуға болады.

БЖЗҚ деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың ақпан айында тіркелген ең жоғары зейнетақы сомасы 993 040 теңге болған. Қазіргі рекорд осыдан небәрі 1 теңгеге аз. Ал елдегі орташа зейнетақы мөлшері жыл басынан бері айтарлықтай өзгерген жоқ – 35,5 мың теңгеден 35,7 мың теңгеге ғана өскен.