09 там, 2016 сағат 10:25

9 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Бүгін Риодағы Олимпиада ойындарында отандастарымыз спорттың төрт түрінен сынға түседі. Назарларыңызға 9 тамыз күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.


Спорт түрі: Дзюдо. Әйелдер. 63 келіде

Спортшы: Мариан Ордабаева

Басталуы: Іріктеу кезеңі және ширек финал 19:00-де басталады.

Жартылай финал, үшінші орын үшін бәсеке және финал 00:30-да басталады. Тікелей эфир (KazSport)

 

Спорт түрі:  Академиялық ескек есу. Ерлер (жыртылай финал E\F1), әйелдер (жартылай финал E\F2)

Спортшы: Владислав Яковлев, Светлана Германович

Басталуы: сағат 21:10

 

Спорт түрі: Жүзу. Ерлер. Брасс (200 метр)

Спортшы: Дмитрий Баландин

Басталуы: сағат 22:50. Тікелей эфир (KazSport). Жартылай финал - 08:00.

 

Спорт түрі: Ауыр атлетика. Әйелдер. 63 келіде

Спортшы: Карина Горичева

Басталуы: сағат 00:30. Тікелей эфир ("Қазақстан")

Ұлт порталы