Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 682 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 682 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 627 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.