06 қар, 2020 сағат 07:03

8 қараша күні елордада автобус жүрмейді

8 қараша - жексенбі күні Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты. 

«8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтайды. Дүйсенбі күні, 9 қарашада автобустар қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз» деп жазды компания Instagram парақшасында. 

Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, SMS көмегімен және мобильді қосымшалар арқылы төленеді.

Еске сала кетейік, елордадағы қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін төлем жасаудың түрлі әдістері мен тарифтері қарастырылған:

- көлік әмияны - ақшаны көлік картасына аудару;

- көлік билеті - 10 сапарға арналған қағаз көлік картасы;

- «SMS арқылы төлем жасау» - ұялы байланыс операторы арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз электронды түрде төлеудің қосымша қызметі;

- «QR-код арқылы төлем жасау» - жолаушының банк картасымен байланысқан мобильдік қосымша арқылы немесе абоненттік нөмірдегі теңгерімнен аудару арқылы жүзеге асырылады;

- бірлескен брендтік карта - жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінде пайдалануға арналған көлік картасының интеграцияланған чипі бар жеке банктік карта. 

Тәуліктік жол жүру билетінің жарамдылығы сатып алынған сәттен емес, бірінші валидациядан кейін есептеле бастайды.