Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамның коронавирус тесті оң шықты, 74 адамнан коронавирус пневмониясы диагнозы анықталды. Өткен тәулікте 7 адам өлімі тіркелді: 3 адам - коронавирустан, төртеуі - коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.
Өткен тәулікте Алматы қаласында ПТР тесті оң шыққан жүз науқас тіркелген. Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда - 85, Батыс Қазақстан облысында - 82, Павлодарда - 80, Шығыс Қазақстан облысында - 68, Қостанай облысында - 67, Қарағанды облысында - 62, Ақмола облысында - 61, Атырау облысында - 49, Алматы облысында - 40, Солтүстік Қазақстан облысында - 30, Ақтөбе облысында - 23, Шымкентте - 15, Жамбыл мен Қызылорда облысында әрқайсысында - 11, Түркістан облысында - 6, Маңғыстау облысында 5 науқас анықталды.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде 210 357 адамның коронавирус тесті оң шыққан, 2 721 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айынан бері аймақтағы коронавирус пневмониясы жайлы дерек те жариялай бастаған. Оған сәйкес, 23 ақпанда Алматы облысында - 18, Жамбыл облысында - 16, Ақтөбе облысында - 7, Шымкент пен Павлодар облыстарында - 5-тен, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстарынжа - 3-тен, Алматы қаласы, Түркістан пен Маңғыстау облыстарында - екіден, Шығыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облыстарында бір-бірден науқас тіркелген. Олардың ПТР тесті теріс шыққанмен коронавирус диагнозы клиникалық белгілеріне қарай қойылған.
2020 жылдың 1 тамызынан бері 49 121 адам коронавирус пневмониясымен ауырған, 619 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясына шалдыққандар статистикасын жалпы Covid статистикасына енгізбеген.
Сондай-ақ, 25 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 342 адам короновирус инфекциясынан (13 261 КВИ+ және 7 081 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 538 пациент - стационарда, 15 804 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 240 адамның жағдайы ауыр;
- 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.