Фото: Ақорда
7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Үкімет пен министрлердің жұмысына қандай баға берілетіні 7 ақпанда өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады ойлаймын", - деді Әшімбаев Сенат кулуарында.
Спикердің пікірінше, Үкімет белсенді жұмыс істеп, қойылған міндеттерді орындап жатыр. Бірақ олқылықтар да жоқ емес.
"Жалпы алғанда Үкімет Мемлекет басшысы жариялаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсап жатыр. Парламент тарапынан, Сенат тарапынан біз қажетті құқықтық база жасап жатырмыз", - деді Сенат төрағасы.