01 мам, 2020 сағат 16:03

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 17,3 мың өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 29 473 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша несие алуға 335,20 млрд теңге сомасына 29 473 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 199,68 млрд теңгеге қарыз беруге 17 384 өтінім мақұлданды»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.