20 мам, 2020 сағат 16:52

«7-20-25» бағдарламасы: 30 мың өтінім қабылданды

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 30 324 өтінім қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 345,85 млрд теңге сомасына 30 324 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 203,08 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 666 өтінім мақұлданды», - делінген хабарламада.