04 жел, 2024 сағат 11:34

6 жасар қыз Мемлекет басшысының атынан сыйлық алды


Фото: Валерий Бугаев

Алты жасар Хадия Кунаева Қазақстан Президентінің атынан сыйлық иегері атанды, деп хабарлайдыUlt.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Мемлекет басшысының сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов табыс етті. Ол бұл туралы 3 желтоқсанда Instagram парақшасында мәлімдеді. Сондай-ақ, қыздың жаттықтырушысы, кішкентай жеңімпазды әкесі — спортшы Самат Кунаев екені белгілі болды.

"Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын отбасы — спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың үлгісі", - деп атап өтті өңір басшысы.