14 мам, 2022 сағат 12:37

500-ге жуық этникалық қазақ Түрікменстаннан оралады


Түрікменстаннан 490 этникалық қазақ кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Turkmen.news сайтына сілтеме жасап.

"2 маусымда Түрікмен темір жолдары Түрікменстанның 490 азаматын – этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға шығарап салады. Шешімді 11 мамырда Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша Аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссия қабылдады", - делінген хабарламада.

Жолаушыларды жөнелту үшін Түркменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ бағыты бойынша пойыз ұйымдастырылады. Болашақта түрікмен локомотиві қазақстандық локомотивке ауысады, жолаушылар келесі станцияға – Жаңаөзенге жеткізіледі. Сол жерден шығарып салушы құрам Түрікменстанға оралады.

Басылым мәліметінше, өткен жылы 161 қазақ Түрікменстаннан кетіп, тарихи отанына оралған. Адамдар бұл сәтті бір жылдан астам уақыт күтті. 2020 жылы Түркіменстан азаматтығынан 319 адам бас тартты, оның ішінде 70 адам - этникалық қазақ.