09 ақп, 2022 сағат 14:10

«50 млрд теңгеге субсидия төлегенше, үй салсын»: Ләззат Ибрагимова желідегі сынға жауап берді


50 млрд теңгеге 5000 отбасыға үй салу тиімді ме, әлде 70 мың отбасының пәтер жалдау шығынын субсидиялау тиімді ме? «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-тегі парақшасы арқылы желідегі осы мәндегі сынға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк төрағасының айтуынша, қазірдің өзінде басталып үлгермеген бағдарлама туралы даулы пікірлер бар. 

«Бөтен тұрғын үйді неге жалға алу керек, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салуға рұқсат етілсін» - деген сарында түрлі сын айтылып жатыр.

Мұның жауабы қарапайым: жылына 50 млрд теңгеге ие бола отырып, белгілі бір қатаң шарттар шеңберінде таңдалған 5000 отбасыны немесе 70 мың отбасыны қамтуға болады. Таңдау әлбетте максималды қамту пайдасына жасалады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Отбасы банк» АҚ-ға әкімдіктер қалыптастыратын, бірыңғай республикалық электрондық базасындағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін Банктің сұратуы бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді», - деп жазды Ләззат Ибрагимова.