02 шіл, 2020 сағат 15:13

5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды

Қазақстан аумағында 5 шілдеден бастап карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірқатар жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгерді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Бұған дейін 1 шілдеден бастап 3 коммерциялық пойыздың қатынауы уақытша тоқтағанын жазған болатынбыз. Олар:

- №19/20 «Нұр-Сұлтан-Атырау»;

- №95/96 « Нұр-Сұлтан-Орал»;

- №701/702 «Нұр-Сұлтан-Алматы».

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.

Олардың арасында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша да шектеулер бар.

Осыған орай, 5 шілдеден бастап әлеуметтік маңызы бар бірқатар бағыттарға өзгеріс енгізіледі:

1. №321/322 «Алматы – Сарыағаш» жолаушылар пойызы тоқтатылады.

2. Келесі бағыттардың қатынау жиілігі қысқарады:

- №3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан» күнара (күн сайынның орнына);

- № 31/32 «Алматы-Павлодар» күнара (күн сайынның орнына)

- № 67/68 «Нұр-Сұлтан-Өскемен» күнара (күн сайынның орнына)

- №257/258 «Нұр-Сұлтан-Достық» аптасына 1 рет (аптасына 2 реттің орнына).

Айта кетейік, Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін, пойыз қатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтіріле бастаған болатын.

Бүгінгі таңда жалпы алғанда 93 пойыз рейстерді орындауда.