31 жел, 2019 сағат 04:36

5 қаңтардан бастап АӘК тағайындауға құжаттар қабылданады

Елордада халықты АӘК барынша қамту және АӘК тағайындау бойынша сапалы тәсілді қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап азаматтарды қабылдау басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалады. Мысалы, құжат 20 қаңтарда тапсырылса, төлем толық ай бойы төленеді. Құжаттар «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарында қабылданатын болады. Хабарласқан азаматқа, өтініш, жеке куәлікті ұсыну керек.

Сондай-ақ, АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркелген болуы керек. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетудің жаңа форматына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу (кірістерді есептеусіз) қарастырылған. Жәрдемақы мөлшері: 4 балаға - 42 496 теңге; 5 бала - 53 127 теңге; 6 бала - 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға - 74 388 теңгені құрайтын болады.

Құжаттарды қабылдау «Есіл», «Сарыарқа», «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ «Жанұя» отбасын қолдау институтының орталығында, «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдіктерінде жүргізіледі. Жоспар бойынша 14 мыңға жуық адамды қамту қарастырылып отыр. Сондай-ақ, АӘК алатын аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.