14 қар, 2020 сағат 07:10

437 бала коронавирустан емделіп жатыр – министрлік

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алуда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3 001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 191 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.