17 сәу, 2020 сағат 15:08

42500 теңге: Төтенше жағдай кезінде қаржылай көмек көрсеткен мемлекетке алғысымды білдіремін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегi мемлекеттiк комиссия отырысында төтeнше жағдай кезiнде табысынан aйырылғандарға жәрдeмақы төленетінін айтқан еді. Президент төтенше жағдай кезінде табысынaн айырылғандaрға ең төменгi жалақы мөлшерi (42 500 теңге) көлемінде ай сайынғы төлем енгізуді тапсырды. Осы орайда, бүгінде Қазақстанның әр аймағынан бiрнеше қазaқстандық аталмыш әлеуметтік көмекті алып үлгерді.  Соның бірі - Павлодар қаласындағы "Автовокзалсервис" шектеулі жауапкершілігі бар серіктестігінде анықтамалық кассирші қызметін атқаратын Әлия Серікбайқызы. Ол қиын кезде қaржылай көмек көрсеткен мемлекетке алғысын біолдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Автовокзалсервис" шектеулі жауапкершілігі бар серіктестігі қызметкерінің сөзінше, мекемедегі жұмыс уақытша тоқтатылғаннан кейін, мекемe басшылығы әлеуметтік төлемді алуға қызметкерлерін өздері ұсынған.

"1 сәуірден бастап жұмыс уақытша тоқтады. Облыстар арасында автотасымалдау жалғасты. Ал шет мемлекеттер арасындағы автотасымалдау оған дейін тоқтатылды. Алғашында Ресейге баратын автотасымалдауды жапты, кейіннен облыстар арасындағы да тасымалдауды тоқтатты. Бізге мұндай әлеуметтік төлемге өтініш беруді басшылық айтты. Біз есепшот аштырып, оларға нөмірін жібердік", - деді Әлия Серікбайқызы.

Сонымен бірге ол бұл қаражаттың аз екендігін, дегенмен азық-түлік сатып алуға жеткілікті екенін атап өтті. 

"Қазіргідей қиын кезде үкіметтің азаматтарын назардан тыс қалдырмай, қаржылай жәрдем жасауын үлкен көмек деп білемін. Бұл 42 500 теңге жетеді деп айта алмаймын, мәселен, коммуналды қызметтерді төлеу керекпіз.  Дегенмен азық-түлік алуға, басқа да тұрмысқа қажетті заттарды сатып алуға ғана жеткілікті.  Осындай мүмкіндік беріп отырған мемлекетке ризашылығымды біллдіремін", - деді мекеме қызметкері. 

Айта кетейік, жaлпы бұл көмектi кемiнде 1,5 миллионнан астам азaмат алады деп жоспарлануда.