Фото: pexels.com
Қазақстанда жаңа Су кодексі жыл соңына дейін қабылданады. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
1 жылдың ішінде негізгі 2 құжат әзірленген. Біріншісі, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқаруды дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Онда жалпы 160 жуық іс-шара қарастырылған, оның ішінде, 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын қалпына келтіру жоспарланған. Бұл 2 млрд текше м суды жинауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ 14,5 мыңнан астам шақырым ирригациялық жүйелер қалпына келтіріледі.