ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты, - деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, мына сілтемеге өтесіз.
Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады:
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
4. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
5. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
6. 7. Бұдан Өз өтінішіңізді растау;
кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
Қызметкер үшін:
1. «Қызметкер» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
7. Өз өтінішіңізді растау;
8. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы;
b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.