17 сәу, 2020 сағат 11:51

42 500 теңге әлеуметтік көмекті 3,3 миллион қазақстандық алды

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көмек қаражат 3 млн 313 адамға тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің телеграм каналына сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңдағы соңғы ақпараттар бойынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көмекті төлеу 3 млн 313 адамға тағайындалып, ол жәрдем ақының жиынтық сомасы 140, 8 млрд теңгені құрап отыр. Жалпы алғанда көмек сұрап, 6 млн 244 адам өтініш түсірген. Бақылап, тексеру барысында, жіберілген қателерге (деректері талапқа сай емес) қатысты 2 млн 292 мың адамның өтініші қанағаттандырылған жоқ» - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы «42 500 теңге» төлемін тағайындау ережесіндегі өзгерістерді жариялады.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем алғандардың тізімі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін заң жүзінде қайта тексерілетінін мәлім етті

Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылуы олардың жасаған заңсыз әрекетіне байланысты болады. Осы ретте, 42 500 теңге көмек қателесіп түскен азаматтарға ақшаны қайтару тетіктері ұсынылды. Бұдан бөлек, келіп түскен 5,9 млн өтінімнің 2,15 миллионы немесе 37 пайызы неліктен қанағаттандырылмағаны түсіндірілді. 

16 сәуір, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша барлығы 3 млн 79 мың 960 адамға 42500 теңгеден төленген еді.