16 мам, 2022 сағат 14:38

4 пайыздық автонесие бойынша кезегін өзгеге беруге болмайды


4 пайыздық автонесие бойынша әр адам өз кезегін басқаға беруге рұқсат жоқ. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров арнайы брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Автонесие алғысы келетін тұтынушыларға мына мәліметті жеткізу маңызды. Автосалонда бар көлікке өтінім беріп, сол бойынша несиені жылдам ала қою мүмкін емес. Бағдарлама шарты бойынша, кезекте көрсетілген көліктің маркасы мен моделін өзгертуге болмайды. Тұтынушы VIN-коды бар төлем шотын алып қойған болса, басқа көлікке ауыстыра алмайды. Айнып қалса, басқа көлік алу үшін қайтадан басынан бастап кезекке тұру керек болады», - деді қордың өкілі. 

Сондай-ақ, ол кезектің иесін де өзгерту мүмкін емес екенін ескертті. 

«Нақты бір адамның атына жазылған төлем шотын басқа адамға беруге рұқсат жоқ. Яғни төлем шотындағы жеке тұлғаның аты-жөнін өргертуге болмайды. Сонда төлем шотында көрсетілген көліктің түрін де, адамның атын да өзгерту мүмкін емес», - деді Ринат Гаппаров.