16 мам, 2022 сағат 10:18

4 пайыздық автонесие: автосалондарда ұзын-сонар кезек пайда болды

Фото: Tengrinews.kz

Жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталғандықтан, Нұр-Сұлтанда автокөлік салондарында ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Атамекен Business" телеарнасына сілтеме жасап. 

Тұран көшесіндегі автосалондарда және Нұр-Сұлтандағы басқа да автосалондарда 50-ге жуық адам кезекте тұр. 

Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz

Телеарна түсірген видеода ондаған адамның салон алдында кезекте тұрғаны көрсетілген. 

"Тұран көшесіндегі KIA салонында сол маркалы көліктер ендігі жоқ, тек JAC қалған. Тұрғындар көршілес тұрған Chevrolet салонына бара жатыр. Адамдар сыртта кезекте тұр. Ішке 10 адамнан кіргізіп жатыр", - делінген телеарна хабарламасында.   

Айта кетейік, бүгін жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Бағдарлама шарты бойынша, кез келген қазақстандық 4 пайызбен несиеге көлік ала алады. Автонесиеге 10 миллион теңгеден аспайтын көлік алуға болады.

Жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.