06 қыр, 2021 сағат 18:08

32 жастағы тұрғын «Гранд Астана» кешеніндегі лифтінің мониторын сындырды


Әлеуметтік желілерде ер адамның лифт кабинасында орнатылған мониторды әдейі сындырып жатқан видеосы тараған болатын. Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспсөз қызметі.

«Ер адамның бұзақылық әрекеті лифтіде орнатылған камераға түсіп қалған. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада. 

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды тұрғындарға ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.