300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады», - деді Мемлекет басшысы.