3 қаңтарда Қазақстанға Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
2 375 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тесті бар (сау екені көрсетілген) 1 843 адам, анықтамасыз 532 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 184 жолаушы, анықтамамен - 1 018, анықтамасыз - 166;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 191 жолаушы, анықтамамен - 825; анықтамасыз - 366.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 2 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 254 ҚР азаматының ПТР-талдаулары олардың дені сау екенін көрсетті.