28 сәу, 2017 сағат 09:50

28 маусым күні елімізде сенат депутатының сайлауы өтеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Мемлекет  басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау жөнінде қаулы етті.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын" делінген Елбасы қаулысында.