28 қыр, 2021 сағат 01:14

28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


28 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық аймақта жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте найзағай болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 23-28 м/с күшейетіні күтіледі. 

Қостанай облысында жел 15-23 м/с артып, облыстың оңтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. 

Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-23 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады. 

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с артады. шаңды дауыл тұрады. 

Қарағанды облысының батысында, шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. 

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен болады. 

Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықта соғады, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.