25 қар, 2020 сағат 19:45

27 жастағы қызылордалық көршісінің мобильдік қосымшасынан ақша ұрлаған

Қызылорда облысында 27 жастағы жігіт көршісінің банк қосымшасындағы ақшасын өзінің шотына аударып алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қызылордада 27 жастағы жігіт көршісінің сенімін пайдаланып, оның депозиттік шотынан 304 мың теңгені өз шотына аударып алған. Көршісі одан өзінің депозиттік шотын банктің мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп беруді сұраған. 

«Бір айдан кейін жәбірленуші шотта ақшаның жоқтығын байқап, Қызылорда қаласының Полиция басқармасына арызданған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.