11 там, 2021 сағат 15:45

27 жастағы елордалық қаржыгердің 3 млн теңгесін алдап алған


Елорданың 27 жастағы тұрғыны қаржыгерді алдап соқты. Ол бизнестегі үлесін сататынын айтып, сендірген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға тамыз айында тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны бизнестегі үлесін сататынын айтып, сендерген. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарауынша, Ақтөбедегі мұнай компанияларының бірінің қаржыгері алдынып, 3 миллион теңгесінен айырылды.

«Тағы бір оқиға мамыр айында тіркелді. Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 43 жастағы жәбірленуші жүгінді. Танысы құрылыс материалдарын жеткізіп беремін деп 3 млн теңге алып, алдап кеткен. Кейін ақшаны қайтармаған, құрылыс материалын жеткізбеген. Екі дерек бойынша да Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Азаматтардың көпшілігі пайда табу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытып кетеді. Мұндай жағдайларда азаматтар өте мұқият болуы керек. Ақшаны нотариалды ресімдеу арқылы берген дұрыс», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.