2021 жылдың 25 наурызында Қазақстан аумағына Германия, Испания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.
4 423 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 404 адам, анықтамасыз 19 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналын.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 959 жолаушы, анықтамамен - 1 944, анықтамасыз - 15;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 273 жолаушы, анықтамамен - 1 269; анықтамасыз - 4;
Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, барлық 906 жолаушы анықтамамен келген;
Қостанай қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарларында өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 24 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 43 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.