20 там, 2020 сағат 08:55

2,3 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңгеден алды

Карантинге байланысты табысынан айырылуына орай 2,3 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңгеден алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

20 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) біржолғы төлем алу үшін азаматтардан 2 млн 579 мыңнан астам өтініш түскен. Төлемді 2 млн 367,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 357,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. 

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданып жатыр. Мәселен, 2 млн 579 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 674,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 406,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 662,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,4 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 259,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 485,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).