05 нау, 2021 сағат 06:02

224 адам коронавирус пневмониясынан жазылып шықты

Сoronavirus2020.kz сайты 5 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

«3.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 44 жағдайы тіркелді. Оған қоса 224 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.

1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 49462, 635 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43181 жетті.