21 там, 2016 сағат 11:21

21 тамыз. Бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер шығады?

Бүгін, яғни 21 тамыз күні Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қорытынды күнінде Қазақстан намысын соңғы екі спортшы қорғайды. Еркін күрестен Мамед Ибрагимов белдессе, марафонға қатысатын Михаил Красилов соңғы қатысушы.

 Еркін күрес. Ерлер. 97 келіге дейінгі категория. 

Мамед Ибрагимов
Басталуы 18.18-де. Тікелей эфир. ("Қазақстан")

Жеңіл атлетика. Ерлер. Марафон. 
Михаил Красилов
Басталуы: 18.30-да.

XXXI жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 04.50-де. Тікелей эфирде рәсімді "Қазақстан", "Хабар" және KazSport арналары көрсетеді.