25 шіл, 2024 сағат 15:46

2030 жылғы қысқы Олимпиада қайда өтетіні белгілі болды


Фото: Andre Weening/BSR Agency/Getty Images 

Франциялық Альпі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдайды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет хабарлады.


Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында белгілі болды. 

«Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар 2030 Олимпиада ойынларын қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Біз Францияның ғаламат Олимпиада ұйымдастырарына сенеміз», - деді ХОК басшысы Томас Бах. 


Айта кетелік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.