20 қар, 2025 сағат 15:39

2028 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 5-7%-ға дейін төмендейді

Фото: Үкімет

ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысында 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлері қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы үш жылға арналған жаңартылған инфляция болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Инфляция болжамы 2026 жылы 9-11%, 2027 жылы 5,5-7,5% және 2028 жылы 5-7% деңгейінде айқындалған»,
 — деп атап өтті Серік Жұманғарин. 


Сонымен қатар ол 2028 жылы Қазақстанда экспорт көлемі $83,7 млрд-қа дейін ұлғаятынын атап өтті.

«Болжам бойынша экспорт 2026 жылғы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт – $67,7-ден $75,2 млрд-қа дейін өседі», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.


Үш жылға жоспарланған шығыстар параметрлерінің болжамы мынадай: 

«2026-2028 жылдары шығыстардың өсу қарқыны 108,7–109,3% деңгейінде тұрақтандырылды. Бюджеттің шығыстары  бюджет қағидаларында белгіленген лимиттерді сақтай отырып,  2026 жылы 27,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 15,1%, 2027 жылы – 28,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 14,0%, 2028 жылы – 29,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 13,0%-ды құрайды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.