Фото: ашық дереккөз
Халықтың табысын қолдау үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасады, деп хабарлайды Ult.kz.
Экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылатын болады. Әлеуметтік қолдау шаралары туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
Оның айтуынша, мемлекет әлеуметтік қолдаудың атаулылық бағытын арттыруға ниетті.
«Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарлануда. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады», — деді Серік Жұманғарин.
