Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнесті жеңілдікпен несиелеудің екі жаңа механизмін іске қосты. Енді шағын және ірі кәсіпкерлер жеткілікті кепілсіз-ақ қаржыландыру ала алады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бизнеске арналған екі жаңа қолдау құралы:
-
Құны 7 млрд теңгеден асатын ірі жобаларға арналған қаржыландыру.
-
Шағын және орта кәсіпорындарға арналған қолдау, құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды қамтиды.
Несиелеу процесінің ерекшеліктері:
Кепілсіз несие алу рәсімі бар болғаны екі күн ішінде жүзеге асады. Қазірдің өзінде 3,3 млрд теңге көлеміндегі 34 жоба қаржыландыру алды.
Жоспарланған нәтижелер:
-
2025 жылдың соңына дейін 10 000 жоба қаржыландырылмақ.
-
2028 жылға қарай жылына 50 000 бизнеске қолдау көрсету жоспарланған.
Жаңа механизмдердің серіктес банктері:
Банк ЦентрКредит, Halyk Bank, Freedom Bank, Fortebank, Bank RBK, Bereke Bank және Қазақстан–Зираат Интернешнл Банк.
Бұл бастама қаржылық инфрақұрылымды нығайтып, банктердің тәуекелін азайтуға және отандық бизнестің өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, экономикалық өсімді жеделдету мақсатына сәйкес іске асырылуда.