Фото: ашық дереккөз
2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы қаласында болған жер сілкінісі кезінде автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі (ААЕЖ) өз деңгейінде жұмыс істемей, халық уақтылы хабарланбаған еді.
Мемлекет Басшысы мен Бас прокурордың тапсырмасымен Алматы қаласының прокуратурасы аталған жүйені сатып алудың заңдылығын тексеріп, нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру белгілерін анықтады. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Тергеу барысында «TNS-INTEC» ЖШС бас директоры жеке пайда табу мақсатында сапасыз жабдық жеткізіп, жалған актілер рәсімдегені және осылайша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны дәлелденді.
Алматы гарнизонының әскери соты бұл іс бойынша үкім шығарды.
Сондай-ақ қалалық төтенше жағдайлар департаментінің үш орынбасары, сондай-ақ жабдықтың сапасына бақылау жүргізуге тиіс болған авторлық және техникалық қадағалау өкілдері де жауапкершілікке тартылды.
Сот барлық айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік, квазимемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
