08 ақп, 2022 сағат 11:16

2021 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өсті - Смайылов


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырсында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 процентті құрады. Тұрақты экономикалық өсімнің негізгі факторы нақты сектор болды. 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,38 процентке жетті. Тау-кен өнеркәсібін есепеке алмағанда негізгі экономикаға салған инвестициялар 9,5 процент ұлғайды. Тікелей шетелдік инвестициялар өткен жылдың 9 айында шамамен 50 процент өсіп, 18,8 млрд долларды құрады», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, 11 айдық қорытындысы бойынша сыртқы сауда мен инвестиция тарту саласында біраз өсім байқалған.

«Сондай-ақ өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, сыртқы сауда айналымы 15,4 процент өсіп, 91,4 млрд долларға жетті. Ал тауарлар экспорты 25 процентке артып, 54,5 млрд долларды құраса, импорт көлемі 4,2 процент өсіп, шамамен 37 млрд доллар болды», - деді Әлихан Смайылов.